5 қазан 2024
Бүгін біз керемет мерекені атап өтеміз – Мұғалімдер күні!
Ұстаз – бұл тек кәсіп емес, бұл үлкен жүрекпен атқарылатын қасиетті міндет. Сіздер біздің болашағымызды қалыптастырып, әрбір студенттің өмірінде із қалдырасыздар. Білім беру жолындағы еңбектеріңіз, шыдамдылықтарыңыз бен жанашырлықтарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
"Qainar" колледжінің атынан барлық ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт және білім берудегі үлкен жетістіктер тілейміз. Сіздерге деген құрметіміз әрдайым жоғары!
