«Q» COLLEGE

2015 жылғы 26 мамырдағы № 92LAA00004947 лицензия Алматы қ.

Qaynar B колледжі сейсмикалық жаттығудан сәтті өтті.

19 қыркүйек 2024

17.09.2024 күні Qainar колледжінде жер сілкінісі болған жағдайда студенттер мен қызметкерлердің дұрыс әрекет етуін үйретуге бағытталған сейсмо жаттығу сәтті өтті. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жаттығу барысында барлық қатысушылар ұйымдасқан түрде эвакуация жолдарын біліп, сақтық шараларын қатаң сақтады.

Студенттердің қауіпсіз түрде қозғалуына және оқытушылар мен қауіпсіздік қызметкерлерінің нұсқауларын нақты орындауына ерекше көңіл бөлінді. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайларда студенттердің өмірі мен денсаулығын қорғау дағдыларын нығайту үшін тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

 


← Ілгері