"Qainar" колледжінде академик Праліев Серік Жайлауұлының жарқын естелігіне арналған мини-футболдан ішкі колледждік турнир өтті.
Бұл турнир – тек спорттық жарыс қана емес, сондай-ақ еліміздің ғылымы мен білімінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғаны құрметпен еске алу. Жарысқа колледждің түрлі курстарының командалары қатысып, өзара мықтылықтарын көрсетті.
Ойын барысында командалар ұйымшылдық, шеберлік және жоғары рух көрсетіп, нағыз достық пен бірліктің үлгісін паш етті. Турнир жеңімпаздары арнайы марапаттармен және кубокпен марапатталды.
Праліев Серік Жайлауұлының есімі әрдайым біз үшін шабыт көзі болып қала бермек.
В колледже "Qainar" состоялся внутривузовский турнир по мини-футболу, посвящённый светлой памяти академика Пралиева Серика Жайлауовича.
